29.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Челси» тарихи жетістігі үшін УЕФА-дан ерекше марапат алды

«Челси» тарихи жетістігі үшін УЕФА-дан ерекше марапат алды

УЕФА-ның X парақшасының мәліметінше, лондондық «Челси» еуропалық футбол одағынан ерекше марапатқа ие болды — клуб ұйымның қарамағындағы барлық ерлер турнирін жеңген жалғыз команда атанды.

Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі алдында клуб президенті Джейсон Гэннон барлық алты УЕФА турнирінде жеңіске жеткені үшін бірегей марапатты қабылдады.

«Челсидің» жүлделер тізімі:

  • Чемпиондар лигасы
  • Еуропа лигасы
  • Конференция лигасы
  • Еуропа суперкубогы
  • Кубок иегерлерінің кубогы
  • УЕФА жастар лигасы