15.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Челси» шабуылшысы клубтық ӘЧ финалында ПСЖ бапкерімен болған жанжал туралы айтты

«Челси» шабуылшысы клубтық ӘЧ финалында ПСЖ бапкерімен болған жанжал туралы айтты

Championat.com хабарлағандай, лондондық «Челсидің» шабуылшысы Жоау Педру ағылшын клубы 3:0 есебімен жеңіске жеткен клубтық әлем чемпионатының финалында «ПСЖ» бас бапкері Луис Энрикемен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«ПСЖ» ойыншылары Андрей Сантосты қоршап алғанын көргенде, оған жақындадым. Нағыз бразилиялық ретінде оны жалғыз қалдыра алмадым және қорғауға тұрдым. Көп ұзамай айналаға көп адам жиналды және мені топ ішінде сәл итеріп жіберді. Бұның бәрі ойынның бір бөлігі. Менің ойымша, олар жеңілуді білмейді, бірақ футболдың табиғаты осындай. Ал қазір тойлау уақыты келді, — деді Педру Sportv эфирінде.

Жанжал барысында париждіктердің бас бапкері Луис Энрике «көктердің» бразилиялық шабуылшысының тамағынан алып, итеріп жіберді.