09.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Челси» мен «Страсбург» бір турнирге шығуы мүмкін — UEFA мультиклубтық шектеулеріне шешім дайын

«Челси» мен «Страсбург» бір турнирге шығуы мүмкін — UEFA мультиклубтық шектеулеріне шешім дайын

UEFA.com дерегінше, «Челси» мен оған тиесілі BlueCo компаниясы франциялық «Страсбургпен» бір еурокубоктық маусымға қатысуға дайындалып жатыр. Бұл екі клубтың да келесі маусымда Еуропа турнирлеріне шығу ықтималдығы бар.

«Страсбург» Лига 1-де алтыншы орында тұр және Чемпиондар лигасына қатысу мүмкіндігін сақтап отыр. Ол үшін команда маусым соңында «Анже» мен «Гаврды» жеңуі тиіс. Ал «Челси» Премьер-лигада бесінші орында және алда үш ойыны қалған.

UEFA мультиклубтық меншік ережесіне сай, бір иелікке қарайтын командалардың бір турнирде ойнауына шектеу қойылған. Осыған байланысты BlueCo компаниясы «Страсбургты» «соқыр» траст құрылымына өткізіп, тікелей басқару құқығынан бас тартпақ. Бұл схема бұған дейін бірнеше иелер тарапынан қолданылған:

  • Тони Блум («Брайтон» және «Юнион Сент-Жиллуаз»)
  • Эвангелос Маринакис («Ноттингем Форест» және «Олимпиакос»)
  • Джим Рэтклифф («Ницца» және «Лозанна»)

Айта кетейік, Лиам Розеньер жаттықтыратын «Страсбург» наурыз айынан бері жеңілген жоқ және жуырда ПСЖ-ны тізе бүктірді. Ал бұл уақытта «Челси» үшін маусым соңындағы шешуші кезең басталды.