11.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Челси мен Манчестер Сити клубтық әлем чемпионатына құрамдарын жариялады

Челси мен Манчестер Сити клубтық әлем чемпионатына құрамдарын жариялады

ФИФА-ның ресми сайтының хабарлауынша, Рахим Стерлинг, Жоау Феликс, Аксель Дисаси және Бен Чилвелл 15 маусымда АҚШ-та басталатын клубтық әлем чемпионатына «Челсидің» құрамына кірмеді.

«Манчестер Сити» де күтпеген шешім қабылдады — Джек Грилиш пен Кайл Уокер команда құрамынан тыс қалды. Алайда, санының жарақатынан кейін қалпына келіп жатқан Джон Стоунс құрамға енгізілді.

Назар аударарлығы, «Челси» трансферлеріне шамамен 179 миллион фунт жұмсалған футболшылардың қызметінен бас тартты. «Ситиден» 50 миллионға ауысқан Стерлинг өткен маусымда «Арсеналда» өнер көрсетіп, 13 ойында тек бір гол соқты.

«Челси» 28 ойыншының тізімін жариялады:

  • Қақпашылар: Санчес, Йоргенсен, Пендерс, Слонина
  • Қорғаушылар: Кукурелья, Адарабиойо, Бадиашиль, Колвилл, Сарр, Кайседо, Чалоба, Джеймс, Густо, Ансельмино, Ачеампонг
  • Жартылай қорғаушылар: Нето, Фернандес, Палмер, Мадуэке, Эссуго, Сантос, Дьюсбери-Холл, Лавиа
  • Шабуылшылар: Делап, Джексон, Нкунку, Джордж, Гуйу