11.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Челси Мадуэкені Арсеналға 50 млн фунтқа сатуға келісті

Челси Мадуэкені Арсеналға 50 млн фунтқа сатуға келісті

Танымал футбол инсайдері Фабрицио Романоның хабарлауынша, Нони Мадуэке «Челсиден» лондондық «Арсеналға» ауысады.

«Зеңбірекшілер» «көктермен» 23 жастағы қанатшының трансферін келісті — мәміле сомасы 50 миллион фунт стерлингтен асады, сонымен қатар қосымша бонустық төлемдер қарастырылған.

«Челсидегі» ойын кезінде Мадуэке ағылшын Премьер-лигасының 67 матчына қатысып, 13 гол соқты. Футболшы «Арсеналмен» жеке келісімшартқа қол қойды — келісім бес жылға есептелген.