26.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Челси» көз тіккен жаңа талант Дастан Сәтпаевқа бәсекелес болуы мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Челси» көз тіккен жаңа талант Дастан Сәтпаевқа бәсекелес болуы мүмкін

Лондондық «Челси» 18 жастағы аргентиналық вингер Иан Субиабрені қатарға қосуды жоспарлап отыр. Soy del Millo басылымының хабарлауынша, «синие» бұл трансферде «Барселонаны» басып озғысы келеді.

  • Субиабре шабуылдың үш позициясында ойнай алады;

  • Оның «Ривер Плейтпен» келісімі 2026 жылдың желтоқсанына дейін жарамды;

  • Клуб жаңа келісімшарт ұсынып, онда 100 млн еуро көлеміндегі клаусула бекітуді көздеп отыр;

  • Негізгі құрамдағы дебютін 2024 жылдың ақпанында өткізді: 19 матч, 1 гол, 1 ассист;

  • Transfermarkt бағалауы бойынша құны – 1,2 млн еуро.

Қызығы, аргентиналық жас жұлдыз «Челсиге» келетін болса, ол 17 жастағы қазақстандық Дастан Сәтпаевқа тікелей бәсекелеске айналуы мүмкін. Айта кетейік, Сәтпаев «Челсимен» келісімшартқа қол қойып, клубқа келесі жылы қосылады.