14.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Челси» — Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының жаңа чемпионы

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Челси» — Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының жаңа чемпионы

Лондондық «Челси» Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының финалында ПСЖ командасын 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, тарихындағы кезекті ірі жетістікке қол жеткізді.

Бір айға созылған турнирдің шешуші матчында Англия өкілдері мүлтіксіз ойын көрсетіп, Чемпиондар лигасының жеңімпазын сенімді түрде жолынан тайдырды. Бұл — Конференция лигасынан келген клубтың үлкен турнирде өз үстемдігін дәлелдеуі.

«Челси» осылайша әлемдік деңгейдегі бәсекеде бас жүлдені иеленіп, жанкүйерлерін қуантты.