29.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Челси» Гарначоны Симонс трансферінен кейін де алуы мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Челси» Гарначоны Симонс трансферінен кейін де алуы мүмкін

Лондондық «Челси» клубы «Манчестер Юнайтедтің» жас вингері Алехандро Гарначоға қызығушылығын сақтап отыр. Бұл туралы The Telegraph басылымы хабарлайды. Аталған ақпаратқа қарағанда, бұл ниет Хави Симонстың «РБ Лейпциктен» ауысуына қарамастан өзекті болып қала бермек.

«Челси» 22 жастағы нидерландтық жартылай қорғаушы Симонсты сатып алу бойынша алғашқы ұсынысын дайындап қойған. Келісім сомасы шамамен 60 миллион фунт стерлингті құрауы мүмкін. Симонс клубтан кеткісі келетінін «Лейпциг» басшылығына білдірген.

Алайда Симонстың трансфері Гарначоға жолды жаппайды. Себебі нидерландтық ойыншы бірнеше позицияда — сол қанатта да, орталықта да — ойнай алады. Бұл аргентиналық вингерге команданың шабуыл желісінде орын қалдыратынын білдіреді.

Гарначоның «Челси» тізімінде қалуының тағы бір себебі – Кристофер Нкункудың командадан кетуі мүмкін екені. Ал Жоау Феликстің кетуінен кейін аргентиналық ойыншының трансфері қайта өзекті бола түскен. Қазіргі уақытта Гарначо «Манчестер Юнайтедтің» негізгі тобынан бөлек жаттығып жүр, бірақ ол Англия Премьер-лигасында қалуды қалайды.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!