29.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Челси» еуропалық трофейлердің толық жиынтығын жинаған алғашқы клуб атанды

«Челси» еуропалық трофейлердің толық жиынтығын жинаған алғашқы клуб атанды

Championat.com мәлімдеуінше, «Челси» Конференция лигасының финалдық матчында «Бетисті» 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Бұл жеңіс лондондық клубқа бірегей жетістікке жетуге мүмкіндік берді — «көкжейделілер» барлық мүмкін еуропалық трофейлердің иегері атанды.

Клуб өз тарихында мынадай титулдар жинады:

  • Чемпиондар лигасы — 2012, 2021
  • Еуропа лигасы — 2013, 2019
  • Кубок иегерлерінің кубогы — 1971, 1998
  • УЕФА Суперкубогы — 1998, 2021
  • Клубтық әлем чемпионаты — 2021
  • Конференция лигасы — 2025