06.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Челси Джейми Гиттенсті Боруссия Дортмундтан трансферлегенін жариялады

Челси Джейми Гиттенсті Боруссия Дортмундтан трансферлегенін жариялады

Лондондық «Челси» Джейми Гиттенсті Дортмундтың «Боруссиясынан» трансферледі — мәміленің сомасы 48,5 миллион фунт стерлингті құрады, бонустар 3,5 миллионға жетуі мүмкін.

20 жастағы қанатшы бес жыл бұрын «Манчестер Ситиден» «Боруссияға» ауысқан — «көктермен» жеті жылдық келісімшартқа қол қойды. Германияда өнер көрсеткен кезінде футболшы 107 матч өткізіп, 17 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

«Челси» биылғы жазда құрамын белсенді түрде күшейтуде:

  • «Ипсвич Тауннан» Лиам Делап
  • «Брайтон энд Хоув Альбионнан» Жоао Педро
  • «Спортингтен» Дарио Эссуго
  • «Страсбургтан» Мамаду Сарр

«Челси сияқты үлкен клубқа қосылу — керемет сезім», — деді Гиттенс.

«Боруссияның» спорт директоры Себастьян Кель келіссөздердің оңай болмағанын, бірақ клуб нәтижеге риза екенін растады.

«Джейми — бізге көп қуаныш сыйлаған керемет ойыншы. Қазір ол Челсиде мансабында келесі қадам жасағысы келеді, біз оған сәттілік тілейміз», — деп қосты Кель.