Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Челси» Чемпиондар лигасына шығу мүмкіндігін қиындатты

BBC мәліметінше, «Челси» бас бапкері Энцо Марескаға «Ипсвичпен» өткен тең ойыннан кейін сарапшылар қатты сын айтты. Команда маңызды ұпайлардан айырылып, Чемпиондар лигасына шығу жолын күрделендіріп алды.

Бұрынғы футболшы Найджел Рео-Кокер италиялық маманның басты қатесін атап өтті:

«Ол ең үлкен қатесін команда жақсы нәтиже көрсетіп тұрған кезде, чемпиондық үшін таласпайтынымызды айтқанда жасады. Содан бері бәрі теріс кете бастады».

Премьер-лиганың экс-шабуылшысы Клинтон Моррисон да Маресканың жұмысын сынға алды. Оның айтуынша, чемпионаттағы он алты ойында небәрі бес жеңіске жету — клуб амбициясына сай көрсеткіш емес.

Қалған ойындар да оңай болмайын деп тұр:
– «Фулхэм» (сырт алаңда)
– «Эвертон» (үйде)
– «Ливерпуль» (үйде)
– «Ньюкасл» (сыртта)
– «Манчестер Юнайтед» (үйде)
– «Ноттингем Форест» (сыртта)

Жанкүйерлер мен сарапшылар пікірінше, «Челси» бұл маусымда еурокубок жолдамасынан айырылып қалуы мүмкін.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!