Оқу уақыты: 1 мин

«Челси» бапкері Мареска «Бетиспен» финалдың ерекше маңызы туралы айтты

«Челси» бапкері Мареска «Бетиспен» финалдың ерекше маңызы туралы айтты

Энцо Мареска үшін алдағы Конференция лигасының финалы тек спорттық емес, жеке өмірінде де ерекше мәнге ие. Football.London мәліметінше, «Челси» бас бапкері өзінің бұрынғы клубымен және бұрынғы әріптесімен шешуші матчта жолығатынына толқып отыр.

Лондондықтар жартылай финалда «Юргорденді» екі матч қорытындысы бойынша 5:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Енді олар «Бетиспен» кездеседі — бұл клубта Мареска бұған дейін Мануэль Пеллегринидің көмекшісі болған.

«Біз финалға шығу үшін күн сайын қажырлы еңбек еттік. Енді дайындалуға 20 күніміз бар. Пеллегрини — менің кәсіби ұстаздарымның бірі, одан көп нәрсе үйрендім», — деді ол.

Мреска үшін Севилья қаласының орны бөлек: дәл осы жерде ол жұбайымен танысып, тұңғышы өмірге келген. Бұл факторлар финалға жеке эмоциялық реңк қосады.

Айта кетейік, «Челси» жеңіске жетсе, бұл клуб тарихындағы үшінші еурокубоктық трофей болмақ. Мареска үшін бұл жеңіс тек бапкерлік мансабындағы жетістік емес, жаңа дәуірдің бастауы болары анық.