16.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Челси бапкері: Делап Англия құрамасының негізгі шабуылшысы болады

Челси бапкері: Делап Англия құрамасының негізгі шабуылшысы болады

«Челсидің» ресми сайтының хабарлауынша, команданың бас бапкері Энцо Мареска клубтың жаңа трансфері — «Ипсвичтен» 30 миллион фунтқа ауысқан Лиам Делапқа жоғары баға берді.

«Біз Ипсвичпен ойнаған кезде Лиамның Англия құрамасының тоғызыншы нөмірі бола алатынын айтқанмын. Енді ол Челсидің ойыншысы болған соң, тағы да қайталаймын — оның болашақта ұлттық құраманың негізгі шабуылшысы болатынына күмәнім жоқ», — деді Мареска.

«Стэмфорд Бридж» клубымен алты жылдық келісімшартқа қол қойған 22 жастағы шабуылшы өткен маусымда Премьер-лигада 37 матчта 12 гол соқты. Делап «көктердің» құрамында дүйсенбіде — Клубтық әлем чемпионатында «Лос-Анджелеске» қарсы матчта дебют жасауы мүмкін.

«Челси» бапкері сондай-ақ жаңа ойыншының құрамдағы орны үшін Николас Джексонмен бәсекелесетінін атап өтті, алайда алдағы матчта кімнің бастапқы құрамда шығатынын айтқысы келмеді.