18.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Челси» АПЛ-дің бірінші турында «Кристал Пэласты» жеңе алмады

«Челси» АПЛ-дің бірінші турында «Кристал Пэласты» жеңе алмады

Transfermarkt.de мәліметі бойынша, «Челси» ағылшын Премьер-лигасының алғашқы матчында жанкүйерлер үмітін ақтай алмады — лондондық клуб өз алаңы «Стэмфорд Бриджде» «Кристал Пэласты» жеңе алмады.

Кездесу голсыз тең аяқталды, дегенмен үй иелері бұл матчта айқын фаворит болған еді. Келесі турда көкшілер «Вест Хэмге» қонаққа барады, ал бүркіттер өз алаңында «Ноттингем Форестті» қабылдайды.

Айта кетейік, бір жылдан кейін «Челси» құрамын қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаев толықтырады — алматылық «Қайраттың» тәрбиеленушісі кәмелетке толғаннан кейін лондондық клубқа қосылады. Трансфер құны 2,4 миллион еуроны құрады.