31.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Chelsea in Pidgin Дастан Сатпаевтың ҚПЛ матчындағы голына тәнті болды

Chelsea in Pidgin Дастан Сатпаевтың ҚПЛ матчындағы голына тәнті болды

Лондондық клуб туралы жаңалықтарды нигериялық пиджин-ағылшын тілінде жариялайтын X әлеуметтік желісіндегі Chelsea in Pidgin аккаунты Дастан Сатпаевтың қазақстандық Премьер-лигадағы жарқын ойынын атап өтті.

Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы 11-ші тур аясында «Ақтөбеге» қарсы матчта шешуші гол соқты — оның 87-ші минуттағы голы командасына 2:1 есебімен жеңіс әкелді.

«Бұл есімді ұмытпаңыз — Дастан Сатпаев! Ол «Ақтөбеге» қарсы матчтың 87-ші минутында гол соғып, командасына осы күткен жеңісті сыйлады. Болашақ «Алтын доп» иегері. Ол 2026 жылдың маусымында «Челсиге» қосылады», — деп жазды ресурс.