Оқу уақыты: 1 мин

«Чехия құрамасына Швецияға тойтарыс беру өте қиын болады» — сарапшы болжамы

«Чехия құрамасына Швецияға тойтарыс беру өте қиын болады» — сарапшы болжамы

22 мамырда хоккейден әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде турнир қожайыны Швеция құрамасы Чехиямен кездеседі. Бұл екі команда бір-бірін жақсы біледі және биылдың өзінде екі рет жолыққан. Еврохоккейтур аясындағы матчта чехиялықтар сырт алаңда 4:1 есебімен жеңіске жетсе, қарымта ойында Брно қаласында шведтер 4:2 есебімен басым түсті.

Хоккей сарапшысы әрі Freedom QJ League-ның баспасөз қызметкері Бекежан Ардақұлы Sport Pulse порталына алдағы ширек финал ойынына қатысты пікір айтты:

— Менің ойымша, бұл матчта айқын фаворит Швеция құрамасы. Бірақ, жеңімпаздың есімі овертаймда да анықталуы әбден мүмкін. Неге Швеция сенімді фаворит? Өйткені құрамында НХЛ ойыншылары бар. Уильям Карлссон командасын сүйреп, Швеция бұл әлем чемпионатында финалға жетеді деп болжаймын. Чехияның шабуылдағы динамикасы өте жақсы, бірақ бұл ойында Швецияға тойтарыс беру өте қиын болады.