02.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Царукян келесі жекпе-жегін қарашада өткізеді

Царукян келесі жекпе-жегін қарашада өткізеді

Арман Царукян 70 келі салмақта UFC рейтингінде алтыншы орындағя жаңа зеландиялық Дэн Хукермен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек 22 қарашада Катарда өтеді және турнирдің басты жекпе-жегі болады.

28 жастағы Царукян октагонда кейінгі рет 2024 жылдың көктемінде жекпе-жек өткізіп, Чарльз Оливейраны төрешілер шешімімен жеңген болатын. Қаңтар айында ол Ислам Махачевке қарсы титулдық жекпе-жектен бас тартты.

35 жастағы Хукер 2024 жылдың тамызында Матеуш Гамротты төрешілер шешімімен жеңді.