03.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бундеслига ойыншылары ван Дейкті әлемнің үздік қорғаушысы деп таныды

Бундеслига ойыншылары ван Дейкті әлемнің үздік қорғаушысы деп таныды

Kicker мәліметі бойынша, Вирджил ван Дейк Бундеслиганың 216 футболшысы арасында өткізілген сауалнамада көш бастады — «Ливерпуль» қорғаушысы әлемнің үздік қорғаныс ойыншысы атағы үшін күресте 27,3% дауыс жинады.

«Интердің» Алессандро Бастони 15,7% көрсеткішпен екінші орынды иеленсе, «Арсенал» қорғаушысы Вильям Салиба 12% дауыспен үздік үштікті түйіндеді.

Бундеслига ойыншыларының нұсқасы бойынша үздік қорғаушылардың толық тізімі:

  • Вирджил ван Дейк («Ливерпуль») — 27,3%
  • Алессандро Бастони («Интер») — 15,7%
  • Вильям Салиба («Арсенал») — 12%
  • Пау Кубарси («Барселона») — 4,2%
  • Рубен Диаш («Манчестер Сити») — 3,7%
  • Антонио Рюдигер («Реал») — 3,7%
  • Родри («Манчестер Сити») — 3,2%
  • Маркиньос («ПСЖ») — 3,2%
  • Джонатан Та («Бавария») — 2,3%
  • Йошко Гвардиол («Манчестер Сити») — 2,3%

Шабуылшы футболшылар санатында бірінші орынды 53,7% дауыс жинаған Ламин Ямаль иеленді — ол Усман Дембеле (6,9%) мен Килиан Мбаппені (6%) басып озды.