02.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бублик US Open 1/8 финалында Синнерден ойсырай жеңілді

Бублик US Open 1/8 финалында Синнерден ойсырай жеңілді

ATP рейтингінде 24-орында тұрған Александр Бублик АҚШ-тың ашық біріншілігіндегі өнерін аяқтады — қазақстандық теннисші 1/8 финалда әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерден жеңілді.

Италиялық теннисші қарсыласына мүмкіндік қалдырмады — кездесу 1:6, 1:6, 1:6 есебімен турнирдің қазіргі жеңімпазының пайдасына аяқталды.

Жеңілгеніне қарамастан, бұл Бубликтің тарихи өнер көрсетуі болды — ол алғаш рет US Open-нің төртінші кезеңіне дейін жетті.

Синнер өткен жылы финалда америкалық Тейлор Фрицті жеңіп алған титулын қорғауды жалғастыруда. Биылғы турнир жеңімпазы рекордтық жүлде қоры — 5 миллион доллар алады.