03.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бублик пен Рыбакина US Open-те ірі жүлдемен өнер көрсетуін аяқтады

Бублик пен Рыбакина US Open-те ірі жүлдемен өнер көрсетуін аяқтады

Қазақстандық теннис өкілдері Александр Бублик пен Елена Рыбакина US Open-2025 турниріндегі өнер көрсетуін аяқтады — екі спортшы да жекелей сында 1/8 финал кезеңіне дейін жетті.

ATP рейтингінде 24-орында тұрған Бублик үшін бұл америкалық турнирдегі ең үздік нәтиже болды — жұптық сында теннисші бірінші айналымда қалып, жалпы жүлде ретінде 430 мың доллар ұтып алды.

WTA рейтингінде 10-орынды иеленген Рыбакина жекелей сынмен қатар микстте де өнер көрсетті — қазақстандық теннисші аралас жұптық турнирдің бастапқы кезеңінде жеңіліс тапты, өнер көрсеткені үшін 420 мың доллар алды.