23.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бублик пен Медведев Галледегі турнир финалынан кейін шампан шоуын ұйымдастырды

Бублик пен Медведев Галледегі турнир финалынан кейін шампан шоуын ұйымдастырды

Александр Бублик пен Даниил Медведев Галледегі теннис турнирінің марапаттау рәсімін көңілді шоуға айналдырды — спортшылар кезекпен бір-біріне шампан шашты.

ATP рейтингінде 45-орында тұрған қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет әлемнің 11-ракеткасы ресейлікті 6:3, 7:6 есебімен жеңді — бұған дейін олардың жеке кездесулерінде Медведевтің жеті жеңісі тіркелген болатын.

Александр Бублик үшін бұл неміс қаласы Галледегі турнирдегі екінші жеңіс — теннисші осы беделді жарыстың шөп корттарындағы шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.