22.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бублик пен Медведев Галледегі беделді турнирдің финалында кездеседі

Бублик пен Медведев Галледегі беделді турнирдің финалында кездеседі

ATP рейтингінде 45-орында тұрған Александр Бублик бүгін Галледегі теннис турнирінің финалында Ресейдің бірінші ракеткасы Даниил Медведевпен (11-орын) кездеседі.

Финалға дейінгі жолда қазақстандық теннисші әсерлі нәтижелер көрсетті — ол бірнеше атақты қарсыластарды жеңді:

  • Янник Синнер (1-орын)
  • Томаш Махач (23-орын)
  • Карен Хачанов (21-орын)

Медведев те жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, жартылай финалда әлемнің үшінші ракеткасы — неміс Александр Зверевті жеңді.

Бублик үшін бұл турнир ерекше — екі жыл бұрын ол осы турнирдің жеңімпазы атанған болатын. Шешуші матчтың трансляциясы жергілікті уақыт бойынша 18:00-де басталады.