24.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бублик Истборн турнирінен бас тартты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Бублик Истборн турнирінен бас тартты

Қазақстанның бірінші ракеткасы әрі әлемнің 30-ракеткасы Александр Бублик Ұлыбританиядағы ATP-250 санатындағы Истборн турнирінен бас тартты. Бұл туралы жарыс ұйымдастырушылары хабарлады.

Бубликтің орнына негізгі сеткада америкалық Дженсон Бруксби өнер көрсетеді. Ол бірінші айналымда аргентиналық Франсиско Комесаньемен кездеседі.

Айта кетейік, Бублик Истборн жарысын ATP-500 санатындағы Галле турниріндегі жарқын жеңісінен бірнеше күннен кейін өткізіп алады. Германияда ол әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді, ресейлік Карен Хачанов пен Даниил Медведевті жеңіп, беделді шөп турнирінің чемпионы атанды.