22.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бублик Хачановты жеңіп, Галледегі турнирдің финалына шықты

Бублик Хачановты жеңіп, Галледегі турнирдің финалына шықты

ATP рейтингінде 45-ші орында тұрған Александр Бублик Галледегі турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисші — қызу тартыста ресейлік Карен Хачановты (ATP рейтингінде 21-орын) 4:6, 7:6, 6:4 есебімен жеңді.

Финалдық кездесуде Бублик әлемдік рейтингте 11-ші орында тұрған ресейлік Даниил Медведевпен кездеседі.

Шешуші матчқа дейінгі жолда қазақстандық теннисші — екі маңызды жеңіске қол жеткізді:

  • әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді
  • әлемнің 23-ші ракеткасы Томаш Махачты жеңді