19.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бублик Гштадтағы турнирдің жартылай финалына сенімді өтті

Бублик Гштадтағы турнирдің жартылай финалына сенімді өтті

Александр Бублик Гштадтағы ATP турнирінде табысты өнер көрсетуін жалғастыруда — әлемдік рейтингте 34-орында тұрған қазақстандық теннисші ширек финалдық кедергіні сенімді еңсерді.

Жартылай финалға шығу үшін өткен кездесуде турнирдің екінші нөмірлі жұлдызы Бублик Аргентина өкілі Франсиско Комесаньямен (ATP рейтингінде 74-орын) кездесіп, екі сетте жеңіске жетті — 6:4, 6:3. Матч 1 сағат 13 минутқа созылды.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші Жером Ким (Швейцария, 154-орын) — Артюр Казо (Франция, 116-орын) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Швейцариялық турнирдің жүлде қоры 596 035 еуроны құрайды, ал жеңімпаз 90 675 еуро мен 250 рейтингтік ұпай алады.