20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бублик Галледегі турнирдің жартылай финалына шықты, Махачты жеңді

Бублик Галледегі турнирдің жартылай финалына шықты, Махачты жеңді

ATP рейтингінде 45-ші орынды иеленген Александр Бублик Галледегі теннис турнирінің ширек финалынан сәтті өтті.

Чехиялық теннисші Томаш Махачпен болған кездесуде — қазақстандық сенімді ойын көрсетіп, матчты 7:6, 6:3 есебімен аяқтады.

Жартылай финалда Бублик Томас Мартин Этчеверри (63) — Карен Хачанов (22) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Жүлде қоры 2 522 220 еуро құрайтын германиялық Галледегі турнир — 22 шілдеге дейін жалғасады. Айта кетерлігі, Бублик бұған дейін қазіргі чемпион Янник Синнерді турнирден тосыннан шығарып тастаған болатын.