19.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бублик Галледегі турнирде әлемнің бірінші ракеткасы Синнермен күш сынасады

Бублик Галледегі турнирде әлемнің бірінші ракеткасы Синнермен күш сынасады

Александр Бублик (ATP рейтингінде 45-орын) Галледегі турнирдің 1/8 финалында әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнермен кездеседі.

Бұл кездесуге дейін қазақстандық теннисші француз Александр Мюллерді (40-орын) 6:4, 6:4 есебімен жеңсе — италиялық қарсыласы неміс Янник Ханфманды (138-орын) 7:5, 6:3 есебімен ұтты.

Екі апта бұрын теннисшілер Ролан Гаррос турнирінің ширек финалында кездескен — сол кезде Бублик Синнерге үш сетте 1:6, 5:7, 0:6 есебімен жеңілген болатын.

«Ол керемет ойыншы. Үлкен талант. Шынында да зор талант. Шөп — оның сүйікті жабыны. Ол мені осында, Галледе жеңген болатын. Сондықтан бұл — ол ойнағанды ұнататын жер», — деді Синнер матч алдында.

Кездесу Қазақстан уақыты бойынша 20:00-де басталады.