13.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бублик әлемдік рейтингте 16-шы орынға көтерілді

Бублик әлемдік рейтингте 16-шы орынға көтерілді

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жеке және жұптық сайыстардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік үштік өзгеріссіз қалды: испаниялық Карлос Алькарас бірінші, италиялық Янник Синнер екінші, германиялық Александр Зверев үшінші.

Қазақстандық Александр Бублик бір саты жоғарылап, 16-орынға көтерілді.

Александр Шевченко екі саты төмендеп, 91-ші орынға тұрақтады.