Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Бұрынғы UFC чемпионы 17 жасар қыздың өліміне себепші болды

Айнат Қабидулла
Айнат Қабидулла Тілші
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
Бұрынғы UFC чемпионы 17 жасар қыздың өліміне себепші болды

Ауыр салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы, қазіргі PFL жауынгері камерундық Фрэнсис Нганну мотоциклмен 17 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Le Bled Parle басылымының мәліметінше, жантүршігерлік жол апаты Камерунде тіркелді. Мотоцикл тізгіндеген Нганну жол бойында 17 жастағы Нтсаму Брижит Мануэлла есімді қызды қағып кетті. Нганну тез арада қызды ауруханаға апарып, алғашқы көмекті көрсеткен. Алайда, дәрігерлер бейкүнә қызды аман алып қала алмады.

Қайғылы оқиғаға байланысты Фрэнсис Нганну өз кінәсін толық мойындап, барлық медициналық шығындарды өтеуге дайын екенін мәлімдеді

Айта кетейік, Фрэнсис Нганну UFC-де жалпы саны 21 айқас өткізіп, 18-де жеңіске жетсе, 3 мәрте қарсыласына есе жіберген. Жеңген жекпе-жектерінің 13-ін нокаутпен аяқтаған.