22.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бұрынғы UFC чемпионы шілдеде өтетін Alash Pride турниріне келмейді

Бұрынғы UFC чемпионы шілдеде өтетін Alash Pride турниріне келмейді

UFC-нің бұрынғы чемпионы Алджамейн Стерлинг 25 шілдеде өтетін Alash Pride турниріне Шымкентке келмейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бастапқыда оның қазақстандық файтер Ержан Естановпен грэпплинг жекпе-жегі жоспарланған болатын, бірақ жекпе-жек өтпейді.

«Жігіттер, мен қыркүйекте келемін. Шілдеде емес», — деп Стерлинг әлеуметтік желіде пікір білдірді.

Бейресми ақпарат бойынша, бас тартуға америкалықтың Шанхайда UFC Fight Night аясында 23 тамызға жоспарланған Брайан Ортегаға қарсы жекпе-жекке дайындығы себеп болуы мүмкін.

Стерлингтің Қазақстанға сапары осымен екінші рет кейінге шегеріліп отыр. Мамыр айында ол Астанаға бұрынғы ONE чемпионы Қайрат Ахметовпен грэпплинг жекпе-жегіне келе алмады. Содан кейін оның орнын басқа UFC чемпионы Генри Сехудо басты, ол бастапқыда тек мерейтойлық Alash Pride турниріне құрметті қонақ ретінде қатысуды жоспарлаған.

Ұйымдастырушылар Шымкентте Естановпен жекпе-жекте Стерлингтің орнына кім шығатынын әлі жариялаған жоқ.