05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бұрынғы UFC чемпионы Мераб Двалишвили мен Шон О’Мэлли арасындағы реваншқа қатысты пікір білдірді

Бұрынғы UFC чемпионы Мераб Двалишвили мен Шон О’Мэлли арасындағы реваншқа қатысты пікір білдірді

UFC ұйымының екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Мераб Двалишвили мен Шон О’Мэлли арасындағы реванш туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл жекпе-жек үшін қатты толқып тұрмын», – деп жазды ирландиялық файтер әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, екінші кездесу 7 маусым күні АҚШ-тың Ньюарк қаласында өтетін UFC 316 турнирінің басты оқиғасы болмақ. 2024 жылы өткен алғашқы жекпе-жекте Мераб Двалишвили төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен болатын.