12.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бұрынғы «РБ Лейпциг» қақпашысы Бласвих «Байердің» ойыншысы атанды

Бұрынғы «РБ Лейпциг» қақпашысы Бласвих «Байердің» ойыншысы атанды

Леверкузеннің «Байері» «РБ Лейпцигтен» қақпашы Янис Бласвихтің трансферін ресми түрде рәсімдеді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Неміс қақпашы леверкузен клубымен екі жылдық келісімге қол қойды. Трансфер құны — 2 миллион еуро, тағы бір миллион бонустық төлемдер ретінде қарастырылған.

Өткен маусымда 34 жастағы Бласвих австриялық «Зальцбургтің» намысын қорғады — ұлттық біріншілікте ол 11 ойын өткізіп, 14 доп жіберіп алды.