07.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бұрынғы әлемдік теннис жұлдызы ресейліктерге ұлттық туды қайтаруға шақырды

Бұрынғы әлемдік теннис жұлдызы ресейліктерге ұлттық туды қайтаруға шақырды

Бұрынғы теннисші Джон Изнер ресейліктердің бейтарап мәртебеде өнер көрсетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды @JohnIsner.

Пікір білдіруге Карен Хачановтың Торонтодағы беделді «Мастерс» турнирінің финалына шығуы себеп болды — ресейлік теннисші ұлттық туынсыз өнер көрсетуде.

Ресейлік теннисшілерге туды қайтаруға болмай ма? Бұл енді күлкілі жағдай

— деп өз пікірін білдірді әлемдік рейтингтің алғашқы ондығына кірген америкалық бұрынғы ойыншы.