19.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бұрынғы әлем чемпиондары рингке қайта оралады

Бұрынғы әлем чемпиондары рингке қайта оралады

Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуа рингке қайта оралуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Супер ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпиондары жекпе-жек өткізу туралы алдын ала келісімге келді, деп хабарлайды GB News.

Дереккөздің айтуынша, жекпе-жек 2025 жылдың соңына дейін Лондондағы аты аңызға айналған «Уэмбли» аренасында өтуі мүмкін.

Айта кетейік, Тайсон Фьюри 2024 жылдың желтоқсанында екінші жекпе-жегінде Александр Усиктен жеңіліп, WBC, WBA және WBO титулдарын қайтарып ала алмады.

Энтони Джошуа да сәтсіздікке ұшырады — сол жылдың қыркүйегінде ол бесінші раундта IBF чемпионы Даниэль Дюбуадан нокаутпен жеңіліп қалды.