Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Бундеслигада «Лейпциг» «Вольфсбургты» жеңіп, ал «Бавария» «Дортмундпен» тең түсті

Өткен демалыста Германияның басты футбол біріншілігі неміс Бундеслигасының 29-шы тур ойындары өтті.

РБ Лейпциг сырт алаңда Вольфсбургтан маңызды жеңіске қол жеткізді, командалар нәтижелі ойын көрсетіп, қонақтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Турдың басты матчында Бавария мен Боруссия Дортмунд тең түсті — 2:2. Байер Унион Берлиннің қақпасын бұза алмады, матч нөлдік тең есеппен аяқталды.

Ойын күнін Айнтрахттың сенімді үй жеңісі аяқтады, олар Хайденхаймды 3:0 есебімен ойсырата жеңді.