20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Бұл – үлкен сынақ». Рахмоновтың бапкері UFC-дегі жекпе-жек алдында Азат Мақсұмның қарсыласын бағалады

«Бұл – үлкен сынақ». Рахмоновтың бапкері UFC-дегі жекпе-жек алдында Азат Мақсұмның қарсыласын бағалады

19 маусымда Бакуде қазақстандық файтер Азат Мақсұм UFC Fight Night турнирінде жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы — Хабиб Нурмагомедовтың «Eagles MMA» командасындағы ресейлік Тагир Уланбеков.

Жеңіліп көрмеген файтер Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров Prosports.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық спортшының алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

– Бұл Азат үшін өте маңызды сынақ. Тагир — мықты, тіпті осы салмақтағы үздік спортшылардың бірі деуге болады. Ол өзін толық көрсетуі керек – бұл оның карьерасындағы өте маңызды белес. Сондықтан жеңіске жету үшін бар күшін салуы қажет, – деді танымал маман.