Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Бүгін – Манчестерлік дерби: АПЛ-дің 31-турында «Юнайтед» «Ситиді» қабылдайды

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

6 сәуірде әйгілі «Олд Траффорд» стадионында ағылшын премьер-лигасының 31-турындағы орталық матч – «Манчестер Юнайтед» пен «Манчестер Сити» арасындағы дерби өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 20:30-да басталады. Кездесудің бас төрешісі болып Лестер қаласынан Джон Брукс тағайындалды.

Бұл екі алып клуб арасындағы барлық турнирлердегі 197-ші матчы болмақ. Тарихи артықшылық әлі де «Манчестер Юнайтедте» – 81 жеңіс, ал «Ситиде» – 61. Голдар бойынша статистика: «қызыл сойқандарда» 280, ал «қалалықтардың» еншісінде 275 соғылған доп бар.

«Манчестер Юнайтед» 30 ойыннан кейін 37 ұпай жинап, Англия чемпионатының турнирлік кестесінде 13-ші орында тұр. Өткен турда Эрик тен Хагтың шәкірттері сырт алаңда «Ноттингем Форестке» 0:1 есебімен жеңілді. Ал «Сити» өз алаңында «Лестерді» 2:0 есебімен ұтып, 51 ұпаймен бесінші орында келеді. Турнир кестесінің көшбасшысы «Ливерпульде» 30 ойыннан кейін 73 ұпай бар.

Желтоқсанда өткен соңғы манчестерлік дерби «Юнайтедтің» күтпеген жерден сырт алаңдағы жеңісімен аяқталды. Есеп 2:1. «Сити» бұл жолы қарымта қайтара ала ма – мұны бүгін кешке білетін боламыз.

Матчтың тікелей көрсетілімі мына сілтеме арқылы қолжетімді.

Басты сурет: Getty Images

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!