Оқу уақыты: 1 мин

Бүгін Қазақстан Кубогының жартылай финалистері анықталады

Бүгін Қазақстан Кубогының жартылай финалистері анықталады

Қазақстан Кубогының ширек финалдық кезеңі бүгін толық өтеді — сегіз команда жартылай финал жолдамасына таласады.

18:00-де басталатын матчтар:

  • «Ордабасы» — «Қайрат»

  • «Қызылжар» — «Елімай»

20:00-дегі ойындар:

  • «Жеңіс» — «Астана»

  • «Тұран» — «Тобыл»

Барлық төрт кездесу Qazsport және SPORT+ телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бүгінгі ойындар нәтижесінде Қазақстан Кубогының жартылай финалистері белгілі болады.