Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Бүгін Еуропа лигасының жартылай финалистері анықталады

Бүгін Еуропа лигасының 1/4 финалы аясында қайтарма матчтар өтеді. «Манчестер Юнайтед» өз алаңында алғашқы ойында 2:2 есебімен тең түскен «Лионды» қабылдайды. «Тоттенхэм» Германияда «Айнтрахтпен» кездеспек — алғашқы матч 1:1 есебімен аяқталған.

«Атлетик» пен «Рейнджерс» арасындағы бәсеке Бильбаода өтеді. Бірінші ойында есеп ашылмаған. «Лацио» Римде норвегиялық «Буде-Глимттен» 0:2 есебімен жеңілгені үшін қарымта қайтаруға тырысады.

Барлық кездесулер Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!