02.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бүгін «Ролан Гаррос» турнирінде кім жарыс жолына шығады?

Бүгін «Ролан Гаррос» турнирінде кім жарыс жолына шығады?

Бүгін Франция астанасы Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің тоғызыншы жарыс күні, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл күні 1/8 финалда Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик сынға түседі.

Еліміздің үздік теннисшісі ширек финал жолдамасын әлемнің 5-ракеткасы, британиялық Джек Дрейпермен сарапқа салады.

Осыған дейін қос теннисшінің жолы 3 мәрте түйіскен. Оның 1-еуінде Бублик жеңіске жетсе, Дрейпер 2 кездесуді өз пайдасына жазған.

«Сюзанн Ленглен» кортында өтетін кездесу бүгін, 2 маусым сағат 19:00-ге жоспарланған.

Айта кетейік, Франция ашық біріншілігі 8 маусымға дейін жалғасады. Дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 56 352 млн еуроны құрайды.