05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бүгін футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңін бастайды

Бүгін футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңін бастайды

Футболдан Қазақстан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде бүгін Андорраға қарсы ойын өткізеді., деп хабарлайды Sport12.kz. 

Жастарымыз D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларымен кездеседі. Аға бапкер Денис Мамоновтың шәкірттері 2 маусымда Астанада жиналды. Олар оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Кездесу 5 маусым күні «Астана Арена» стадионында 19:30-да өтеді. Одан кейін қазақстандық жастар 8 маусымда Англиямен шеберлік байқасады.

Ойыншылар тізімі

Қақпашылар: Санжар Ерниязов («Атырау»), Дулат Талыспаев («Кёге»), Мирас Рихард («Ертіс»).

Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Жетісу»), Санжар Әнуаров («Астана»), Александр Мигунов, Эльхан Саидов (екеуі де – «Шахтер»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік Академиясы»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»).

Жартылай қорғаушылар: Әбинұр Нұрымбет («Тұран»), Вячеслав Раскатов («Ертіс»), Дархан Бердібек («Ақтөбе»), Мирас Көбеев («Ислочь», Беларусь), Олжас Байбек, Рамазан Бағдат (екеуі де – «Қайрат»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Мұхаммед Еңсебаев («Сеута Б», Испания), Давид Есімбеков («Жетісу»), Хамза Мұхаметәли (AKAS).

Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызылжар»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік Академиясы»), Артем Литош («Хан Тәңірі»).

Ойын күнтізбесі

2025 жыл

5 маусым

Қазақстан — Андорра

8 маусым

Қазақстан — Англия

9 қазан

Андорра — Қазақстан

13 қараша

Словакия — Қазақстан

17 қараша

Қазақстан — Молдова

2026 жыл

27 наурыз

Қазақстан — Словакия

31 наурыз

Қазақстан — Ирландия

25 қыркүйек

Англия — Қазақстан

29 қыркүйек

Ирландия — Қазақстан

6 қазан

Молдова — Қазақстан