Оқу уақыты: 1 мин

Бублик Туриндегі теннис турнирін сенімді бастады

Бублик Туриндегі теннис турнирін сенімді бастады

ATP рейтингінде 76-орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Туриндегі челленджерде сәтті өнер көрсете бастады.

Турнирде сегізінші нөмірмен қойылған қазақстандық теннисші бірінші айналымда Италия өкілі Маттео Джигантеден (164) сенімді жеңіске жетті. Кездесу 6:3, 6:1 есебімен аяқталып, небәрі 61 минутқа созылды.

1/8 финалда Бубликтің қарсыласы тағы бір италиялық спортшы — Федерико Арнабольди (194) болады, ол өзінің бастапқы кездесуінде америкалық Итан Куиннді (114) 2:6, 6:2, 7:5 есебімен жеңіп, тосын сый жасады.