04.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бруно Фернандеш Сауд Арабиясының ірі ұсынысынан бас тартты

Бруно Фернандеш Сауд Арабиясының ірі ұсынысынан бас тартты

Sky Sports мәліметінше, Бруно Фернандеш сауд клубы «Әл-Хилялдың» 80-100 миллион фунт стерлингтік трансфер ұсынысынан бас тартты.

«Манчестер Юнайтедтің» аңызы Гари Невилл бұл шешімнің клуб үшін маңыздылығын атап өтті:

«Бруно — соңғы бірнеше жылдағы команданың жалғыз нағыз жұлдызы. Оның клубпен бірге барлық қиындықтарды еңсеруге деген ұмтылысы мықты мінезін көрсетеді»

Рубен Аморимнің басшылығындағы «қызыл жындар» Матеус Куньяны «Вулверхэмптоннан» трансферлеп, «Брентфордтың» ойыншысы Брайан Мбемомен келіссөздер жүргізуде.

Команданың шабуыл желісі толығымен жаңарады — клубтан кететіндер:

  • Джейдон Санчо
  • Маркус Рашфорд
  • Антони
  • Алехандро Гарначо