Оқу уақыты: 1 мин

Бруну Фернандеш: «Юнайтедтің» мақсаты әрқашан — АПЛ-ды жеңу»

Бруну Фернандеш: «Юнайтедтің» мақсаты әрқашан — АПЛ-ды жеңу»

TNT Sports мәліметінше, «Манчестер Юнайтед» капитаны Бруну Фернандеш командасының Еуропа лигасындағы өнері туралы пікір білдірді. Ол клубтың беделді трофейді жеңіп алуға толық мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

«Еуропа лигасында біз жанкүйерлерден ерекше атмосфераны сезіндік. Олар біздің финалға дейінгі жолымызға сенді. Ал АПЛ-да жағдай мүлде басқа болды — жанкүйерлер біз қалаған нәтижеге қол жеткізе алмайтынымызды түсінді», — деді португалдық жартылай қорғаушы.

Фернандеш «Манчестер Юнайтедтің» басты мақсаты туралы да айтты:

«Бұл клуб үшін үздік төрттікке ену жеткіліксіз. Біздің мақсатымыз — АПЛ-ды жеңу. Бұл — клубтың тарихы, одан бас тарта алмаймыз»,деп мәлімдеді капитан.

Ол сондай-ақ Еуропа лигасындағы «Лионмен» өткен ойынды ерекше атап өтті — команда сол кездесуде жеті минут ішінде үш гол соғып, турнирдегі шешуші сәтті жасады.