24.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Британиялық Бреннан Каталония Вуэльтасының бірінші кезеңін жеңіп алды

«Visma | Lease a Bike» командасының өкілі Мэтью Бреннан «Каталония Вуэльтасы» көпкүндік веложарысының бірінші кезеңінде жеңіске жетті.

Sant Feliu de Guíxols арасындағы 178,6 шақырымдық қашықтықта британдық велошабандоз «Alpecin-Deceuninck» командасының өкілдері — австралиялық Кэйден Гровс пен нидерландтық Тибор дель Гроссоны басып озды.

«Астана» командасының велошабандоздары келесі нәтижелерді көрсетті:

  • Мартин Лопес (Эквадор) — 14-орын
  • Ваут Пулс (Нидерланды) — 33-орын (+0:22)
  • Лоренцо Фортунато (Италия) — 40-орын (+0:52)
  • Иде Схеллинг (Нидерланды) — 48-орын (+1:25)
  • Хенок Мулюбырхан (Эритрея) — 75-орын (+2:52)
  • Даррен ван Беккум (Нидерланды) — 80-орын (+3:19)
  • Хаоюй Су (Қытай) — 146-орын (+14:02)

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!