27.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Британдық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен реванш үшін титулдан бас тартты

Британдық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен реванш үшін титулдан бас тартты

Британдық боксшы Дензел Бентли (21-3-1, 17 KO) еуропалық титулдан бас тарту туралы шешім қабылдады — бұл оған WBO рейтингінде бірінші орынды сақтауға және орта салмақтағы WBO/IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) реванш алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды The Ring.

Келесі айда Бентли венесуэлалық боксшы Эндри Сааведрамен (17-1-1, 14 KO) соңғы іріктеу кездесуін өткізеді — жеңімпаз қазақстандық чемпионның титулына міндетті үміткер атанады.

«Мен еуропалық титулымды қорғай алар едім, бірақ WBO-дағы позициямды сақтау үшін оны босатуға тура келді. Уәде етілген мүмкіндікті ескере отырып, бұл қиын шешім болған жоқ», — деді Бентли.

Айта кетейік, Әлімханұлы мен Бентли арасындағы алғашқы жекпе-жек шамамен үш жыл бұрын Лас-Вегаста өтті — сол кезде қазақстандық боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.