19.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Британдық Тарлинг БАӘ турындағы жеке сында қарсыластарын жеңді

Әл-Худайрият аралында БАӘ турының екінші кезеңі — жеке жарыс өтті.

Британдық велошабандоз Джошуа Тарлинг (INEOS Grenadiers командасы) 12.2 шақырымдық қашықтықты 12 минут 55 секундта жүріп өтіп кезеңді сенімді түрде жеңіп алды. Екінші орынды швейцариялық Стефан Биссеггер (қалып қалуы: 12 секунд); үшінші орынды словениялық Тадей Погачар (қалып қалуы: 18 секунд) иеленді.

«Астана» командасының велошабандоздары келесі нәтижелерді көрсетті:

  • Харольд Техада — 12-ші орын (+42 сек)
  • Аарон Гейт — 21-ші орын (+47 сек)
  • Иде Схеллинг — 80-ші орын (+1:40)
  • Флориан Самуэль Каямини — 90-шы орын (+1:45)
  • Хаоюй Су — 107-ші орын (+2:03)
  • Серхио Игита — 109-шы орын (+2:04)
  • Маттео Малучелли — 133-ші орын (+2:46)

Көп күндік жарыстың жалпы есебінде Джошуа Тарлинг көш бастап тұр — оның жақын қуғыншысы Биссеггерден басымдығы 13 секунд ал Погачар 18 секундқа қалып қалуда. «Астана» велошабандоздарының ішінде үздік нәтиже көрсеткен Техада 42 секунд қалып қалумен 10-шы орында тұр.