04.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Брентфорд шабуылшысы Манчестер Юнайтедке ауысқысы келеді

Брентфорд шабуылшысы Манчестер Юнайтедке ауысқысы келеді

The Athletic мәліметінше, «Брентфорд» шабуылшысы Брайан Мбемо «Манчестер Юнайтедке» ауысу мүмкіндігін қарастыруда.

Манкундықтар 25 жастағы камерундық шабуылшының трансфері бойынша келіссөздер бастауға дайын, ал футболшының өзі болашағын «Олд Траффордта» көреді.

«Манчестер Юнайтед» шабуыл шебін күшейтуді көздеп отыр — Мбемоның ауысуы клубтың жазғы трансферлік терезедегі негізгі трансферлерінің бірі болуы мүмкін.