Оқу уақыты: 1 мин

Бразилиялық файтер UFC-ден кетті

Бразилиялық файтер UFC-ден кетті

Жартылай ауыр салмақтағы 35 жастағы бразилиялық файтер Бруно Силва UFC ұйымынан босатылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бруно Силва соңғы екі жылда бес жекпе-жекте жеңіліс тапты.

Бразилиялық соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың мамыр айында өткізіп, бірінші раундта канадалық Марк-Андре Барриоға нокаутпен ұтылды

Барлығы Бруно Сильваның рекорды 36 жекпе-жектен тұрады (23 жеңіс және 13 жеңіліс). Бразилиялық сонымен қатар M-1 Challenge промоушнының бұрынғы чемпионы.