Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Бразилия футбол федерациясы доп үстінде тұруға тыйым салды

Бразилия футбол конфедерациясы (CBF) жаңа ереже енгізді: енді доптың үстіне екі аяғымен тұрған ойыншы сары қағаз алады, ал қарсылас командаға еркін соққы беріледі. Бұл шешім CBF-тің ресми баспасөз қызметі арқылы хабарланды.

Аталған ереже Сан-Паулудың штаттық чемпионаты — Паулиста финалында болған оқиғадан кейін қабылданды. «Коринтианс» пен «Палмейрас» арасындағы матчта Мемфис Депай бұрыштық жалауша маңында доптың үстіне екі аяғымен тұрып, ерекше финт жасаған. Бұл әрекет қарсылас тараптың наразылығын тудырып, жаппай қақтығысқа себеп болды.

Осы оқиғадан кейін CBF мұндай техникалық элементті «қақтығысқа итермелеуі мүмкін арандату» ретінде бағалап, ресми түрде тыйым салды.

Мемфис Депай бұл шешімге әлеуметтік желіде наразылығын білдірді:

«Мен Бразилияға Жого Бонитоны — әдемі футболды тамашалау үшін келдім. Бірақ енді доптың үстінде тұруға тыйым салынуда. Бұл — өзін-өзі еркін көрсету формасы, мұнда тұрған ешқандай жамандық жоқ. Алаңдағы қуанышты шектеуге болмайды», — деп жазды ол.

Жаңа ережеге қарсы ойыншылардың бірі — «Сантос» шабуылшысы Неймар да өз көзқарасын білдірді:
«Футбол барған сайын жалықтыра түсуде», — деп жазды бразилиялық жұлдыз Instagram парақшасында.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!